The Wall Street Journal газеті АҚШ әскерін Ауғанстаннан Орталық Азияға көшіретінін жазды.
Басылымның хабарлауынша, АҚШ-қа "Талибан" радикалды қозғалысының содырларын (Қазақстанда тыйым салынған) ұстау үшін дрондар мен артиллерия қажет. Америка үкіметі мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері Ауғанстанмен көршілес Орталық Азия елдері, Парсы шығанағы мемлекеттері, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің жекелеген кемелері әскерлердің болашақ орналасуы мүмкін жерлер ретінде қарастырылғанын айтты.
АҚШ Президенті Әкімшілігі
қызметкерлерінің пікірінше, әскерді Өзбекстан мен Тәжікстанға орналастыру ең жақсы шешім. Аталған елдер Ауғанстанмен шекаралас екенін, қажет болған жағдайда мемлекетке тез кіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Алайда, олар Ресейдің мен Қытайдың ықпалы аталған екі елге әскер орналастыруды қиындатады.
Бұған дейін The Wall Street Journal АҚШ-тың Еуропадағы одақтастары американдық тараптан Ауғанстаннан әскерлерді шығаруды кейінге қалдыруды сұрады деп жазды.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Америка Құрама Штаттары Ауғанстандағы миссиясын орындағанын және 1 мамырдан бастап елден әскерін шығаратынын мәлімдеген.