Алдағы күндері көп балалы, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбилеп ортырған және үйінде Ұлы отан соғысының ардагері бар 681 отбасына «Елбасы жылуы» акциясы аясында көмек көрсетіледі
Бұл негізінен Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Оларға ұн, картоп, қант сияқты тағамдар мен жеміс-жидек және гигиеналық құралдар таратылады. Әр отбасына 132 келі тауардан үлестіріледі. Бұл көмектің алды Шығыс Қазақстан облысына келіп жетті. Аймаққа 17 тонна азық-түлік жеткізілді.
Сурет: rus.azattyq-ruhy.kz