ҚР денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы қалыпқа келгенін айтты. Бұл туралы Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. Алексей Цой еліміздің әлемдік рейтингке сәйкес ауру көрсеткіштері бойынша нешінші орында тұрғанын айтты.
«Әлемде коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар бойынша жағдай әлі де қиын. Әлемдік рейтингке сәйкес, 221 ел арасында Қазақстан ауру көрсеткіштері бойынша 108-орында тұр. Қайтыс болғандар көрсеткіші бойынша 107-орында. Қазақстанда қауіпті аймақта 10 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары», - деді министр.
ҚР денсаулық сақтау министрі халыққа екпе қолжетімді болуы үшін жағдай жасалатынын айтты. Сондай-ақ, еліміздің әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакцина өндіруші елдердің ондығына кіргенін мәлімдеді.
«Қазақстанда екі вакцина салынып жатыр, олар Спутник V және QazVac, еліміз әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакцина өндіруші елдердің ондығына кірді. Әлемдік рейтинге сәйкес, 177 ел арасында Қазақстан вакцина салдырғандар көрсеткіші бойынша 52-орында. Вакцинаны жеткізу кезең-кезеңмен жүзеге асады, кестеге сәйкес, сәуірде халықтың 20 пайызына жеткізу қарастырылған. Вакцина салдыру елдегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіруге ықпалын тигізе береді», - Алексей Цой.
Сурет: ОКҚ