Алматыда бір тәулік ішінде 3 050 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
1 ақпаннан 18 сәуірге дейін барлығы 134 484 адам вакцина салдырған. Қалада 203 егу пункті жұмыс істейді, онда 1 809 медицина қызметкерінен тұратын 406 егу бригадасы жұмыс істейді.
Фото: azattyq-ruhy.kz