ҚР ДСМ Алексей Цой елімізде коронавирус бойынша ахуал үш есеге нашарлағанын айтты. Бұл туралы министр Үкімет отырысында мәлімдеді.
Цойдың мәліметінше, Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа өңірлердің барлығында коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. «Соның ішінде 61 процентті Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облыстары құрайды», – деді ол.
«Осы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдай нашарлаған. Сәуірдің 11 күнінде 24 955 адамның ковид жұқтырғанын анықтадық. Күніне 2800 адамның коронавирус жұқтырғаны расталады», – деді министр.