Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Украина президенті Владимир Зеленский кездесу өткізді. Кездесу барысында Ердоған Украинаның аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін және егемендігін қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, Түркияның "Қырымның аннексиялануын мойындамау" туралы шешімін растады.
«Біз Украинаның шығысындағы жағдайды халықаралық заңнама шеңберінде аумақтық тұтастық сақталатындай етіп бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз. Шиеленісті азайту үшін эскалацияны мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек және Минск келісімдерінің шарттарын орындау аясында бітім қайта жандануы керек.
Түркия Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдайды. Біз Қырымның заңсыз аннекциясын мойындамаудың негізгі қағидасын растадық. Сонымен қатар, біз Украинаның жерлерін біріктіруге арналған Қырым платформасын қолдайтынымызды мәлімдедік», - деді Режеп Тайып Ердоған.
Өз кезегінде Зеленский Ердоғанға "Қырым платформасы" форматына қосылуға дайын екені үшін алғыс айтты.
Фото: sharij.net