9 сәуір күні кешке Риддер қаласында Арсений Киселев есімді екі жасар бала жоғалып кеткен еді.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар ұлы Арсен Киселевтің жұма күні әдеттегідей аулаға ойнауға шыққанын айтты. Бірақ кейін ұлын таппай қалған.
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Өскеменнен Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен кинологтар көмекке келді. Полиция қызметкерлері бала өзенге жақындап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұған су жағасындағы іздер дәлел болды. Біраз уақыттан соң баланың мәйіті ықтимал құлау орнынан 1 шақырым қашықтықтан табылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.