Карантин шектеулерінің күшеюіне байланысты 42 500 теңге төлене ме? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.
Tengrinews.kz Еңбек министрлігіне 42 500 теңгеге қатысты ресми сауал жолдады.
«Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды.
Бұл жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың бұрын-соңды болмаған шарасы. Жалпы сомасы 476,3 миллиард теңге төлемді 4,6 миллионнан аса адам алды», - деді министрлік қызметкерлері.