Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» басшысы болып тағайындалды. Премьер-министр Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» қорының ұжымына басқарманың жаңа басшысы Алмасадам Сатқалиевті таныстырды.
«Асқар Мамин қордың бұрынғы төрағасы Ахметжан Есімовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және түрлі мемлекеттік қызметтердегі тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.
Премьер-Министр Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациясын жүргізу және жаңғырту, оның Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамытудағы рөлін арттыру міндеттерін ойдағыдай шешкенін атап өтті», - делінген хабарламада.
Асқар Мамин Қордың жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевті таныстыра отырып, оның энергетика саласындағы және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жүйесіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті.
«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының алдында маңызы үлкен міндеттер қойып отыр. Бұл еліміздің инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриалдық дамуын қамтамасыз ету арқылы, сонымен қатар, отын-энергетика кешенін дамыту, инвестицияларды тарту және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы ұлттық экономиканың одан әрі тұрақты дамуына жағдай жасау», - деді Мамин.
Фото: primeminister.kz