Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылдың 28 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауы керек», - делінген жарлықта.