You Tube желісінде ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені және “Құрмет” ордені иегері, "Қазақ үні" газеті ЖШС президенті, Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында ел арасында дау туғызған жыныс ауыстыру мәселесі айтылды.
Қазақстанда жыныс ауыстыруға рұқсат берілді. Бұл сұмдыққа кім кінәлі?"Біз бұған "Қазақ үнінде" жауап бердік. Депутат ретінде мен қарсымын. Халықаралық ұйымға мүшеміз, Еуропарламент бізді сынайды екен деп ұлттық ұғымнан ажырамауымыз керек. Біз Азиядағы қазақ деген ұлттың өкіліміз. Бұған "Қазақ үні" сайтының бас редакторы, дарынды ақын, "Дарын" сыйлығының лауреаты Азамат Тасқараұлы керемет жауап берді. Адамның жынысын ауыстырғанша, Цойдың миын ауыстыру керек деп жазды. Біздің жауабымыз сол", - деді Мәжіліс депутаты.
"ЛГБТ адамдары шенеуніктердің, министрлер мен прокурорлардың арасында да бар" - деді. Рас па?"Бар болса бар шығар. Мен білмеймін", - деп жауап берді Қазыбек Иса.
Дереккөз: Nartay Aralbayuli каналы