Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинация туралы үндеу жасады, деп
хабарлады Ақорданың ресми сайты.Президент қаланың ұзақ мерзімге арналған даму стратегиясына сәйкес, Алматы өмір сүруге қолайлы және жалпыға бірдей тең мүмкіндік беретін қалаға айналуға тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы осы мақсатқа жету үшін бірқатар міндеттер жүктеді.
«Мен тағы да отандастарымызды сабыр сақтауға, барлық санитарлық нормаларды қатаң ұстануға, коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны қолдауға шақырамын. Үкімет пен әкімдіктер жаппай вакцинация жүргізуге дайын болуы керек. Біз 1 ақпаннан вакцинация жұмысын бастадық. Бірақ дәл қазіргі уақытқа дейін вакцина салдырған азаматтардың саны 19 мыңнан сәл ғана асады.
Жоспар бойынша біз 6 миллионнан астам адамға вакцина салдыруымыз керек. Егер өз өндірісіміздің қуаты мен Ресейден әкелінетін вакцина жетпей жатса, онда нарыққа шығып, қажетті көлемді импорттау қажет. Жаппай иммунитет қалыптастырмай ауруды жеңе алмаймыз, экономиканы қайта қалпына келтіру де мүмкін емес», - деді Президент.
Мемлекет басшысы бұл мәселені өзі бақылайтынын айтты.
«Бұл мәселені өзім бақылап отырамын. Вакцинацияға дұрыс қарау керек, бұдан басқа жол жоқ. Осы мәселені азаматтардың есіне тағы бір мәрте салғым келеді», - деді Мемлекет басшысы.