Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылайды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың заңнамалық бастамасы тәртібімен енгізілді. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ ауылшаруашылығының халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарына жеке меншік құқығы негізінде және уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелеріне иелік етуге тыйым салу болып табылады», - деді депутат Ерлан Барлыбаев пленарлық отырыста жер қатынастары мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстыра отырып.
Сондай-ақ, ол Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің осы заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын екенін айтты.
Фото: mail.kz