Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: egemen.kz