Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Тоқаевты ұйымның жағдайы мен даму перспективалары туралы хабардар етті. Кездесу барысында халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша көптеген мәселелер қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның даму перспективалары туралы бірқатар ұсыныстар жасады, қазақстандық тараптың ҰҚШҰ аясындағы саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін кеңейтуге дайындығын атап өтті.
Фото:akorda.kz