2020-2021 жылдың "Қытайдың жыл студенті" атанған Жаннұр Ниязбекова сұхбат берді. Сұхбат You Tube желісіндегі Nartay Aralbayuli каналында жарияланды.
Қытайда бұл үлкен ақпарат болып жазылып жатыр. Бұл қандай марапат?
"Бұл қытайлық студенттер үшін өте жоғары дәреже. Қытайлық студенттер бұндай атақ алу үшін жан-тәнімен оқиды. Сертификатын алған жағдайда докторонтураға конкурссыз түсуге болады. Екінші мүмкіндік, Қытайдың кез келген жерінде жұмысқа тұруға болады. Ол мүмкіндікті маған да берді. Екі жыл бұрын "қазақ болып Қытайды шулатам" деген сөзім орындалды", - деді Ниязбекова."Қазақстанда ғылыммен айналысам деген адамдарға қандай кедергі бар?", деп сұрады журналист.
"Ешқандай кедергі жоқ. Адамның өзінде ынта-жігер болу керек. Білімді болу керек. Бәрімізге мүмкіндік берді. Телефон бар, интернет бар. Сондай-ақ, Жаннұр Ниязбекова өзін Қытайдағы Қазақстан елшілігінің құттықтамағанын айтты.
"Елшілік естімген сияқты. Ол жақта таныстарым бар. Бұл жаңалықты естісе хабарласар еді", - деді Қытайдың жыл студенті.
Жаннұр Ниязбекова сұхбат соңында Қытайда білім алғысы келетін жастарға кеңесін айтты.
"Армандап қана қоймай, алдыңа мақсат қою керек. Ұмтылыңыз, ізденіңіз, оқыңыз. Қазіргі заман білімді адамның заманы. Оқудан жалықпаңыздар", - деп қорытындылады ол.
Дереккөз:Nartay Aralbayuli
Сурет: dalainform.kz