Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды. Әкім міндетін атқара отырып, туған ағасын жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындағаны анықталды.
Мақсұт Оспановқа қатысты іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Тәртіптік кеңеске сәйкес, Мақсұт Оспанов қаңтарда Ұлытау ауданы әкімі міндетін атқарушы болған кезде ағасы Мұхтар Оспановты жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы етіп тағайындаған. Бұл туралы Жезқазған өңіріндегі қоғам белсендісі Ринат Биқаев желіде жазба жариялады.
Кеңес мүшелері шешімімен Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы және қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы жазаланды.