Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне 25 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады", - деп жазды Берік Уәли.
Мемлекет басшысы Телерадиокешеннің ұжымына ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларды жедел әрі сапалы жариялап көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, ТРК қызметкерлеріне жаңа шығармашылық табыс тіледі, - деді Берік Уәли.