Елімізде "Спутник-V" вакцинасын тіркеу рәсімі аяқталды. Қарағанды фармацевтикалық кешені (ҚФК) Қазақстан Республикасының аумағында "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник - V") коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тіркеу рәсімін аяқтады.
Кәсіпорынның баспасөз қызметіндегілер 2021 жылы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама ұйымының, тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесі бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды алынғанын хабарлады. Қорытынды негізінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды.
Қазақстан "Спутник-V" вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші мемлекет болды. Бүгінде вакцина Ресей, Беларусь, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркменстан, Венгрия, БАӘ, Иран, Гвинея Республикасы, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Серб Республикасы (Босния және Герцеговина энтитеті), Ливан, Мьянма, Пәкістан, Моңғолия және Бахрейн сияқты мемлекеттерде тіркелген.