«Кейбір ақпаратқа сәйкес, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен кетуі мүмкін. Сондай-ақ зейнетке шығу жасына байланысты демалысқа шығады», - деді Еділов
Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілік қызметтің кеңесшісі Жанар Колбачаева былай түсіндірді:
«Ресми ақпарат жоқ, біз әдеттегідей жұмыс істеп жатырмыз».
Еске салайық, Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметте 2017 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істейді.