Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығын еске салды. Президент бұл әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той екенін жазды.
"Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той", - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.