Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Мәдениет министрі Атагелді Шамырадовқа соңғы ескерту жасап, қатаң сөгіс жариялады. Сөгіс жариялауына театрларда түрікменстандықтардың бақытты өмірі туралы қойылымның болмауы себеп болған.
Бердімұхамедов келесі жұмыстардың орындалмағанына қапа болған:
- мәдени орталықтар мен театрларда халықтың қазіргі бақытты өмірін насихаттайтын спектакльдердің болмауы;
- елдің рухани-мәдени мұраларын тану және оларды жас буынға насихаттаудың төменгі деңгейі;
- жас таланттарды анықтап, олардың арасында байқаулар өткізу нашар жүргізіліп жатыр;
- жергілікті кітапханалардың бірегей ақпараттық жүйеге қосылғанына қарамастан түрлі мәселелердің орын алуы.
Президент Түрікменстан нейтралитетінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында көзге түсетін мәдени шаралардың өткізілмегені үшін де қол астындағы қызметкерлерді сын тезіне алды.