Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин әлемді кім билейтінін айтты. Оның айтуынша, жаһандық бәсекеде технология мен білім бойынша алға шыққанның жұлдызы жарық болмақ.
«Біз технология мен білім бойынша жүріп жатқан жаһандық бәсеке деңгейін білеміз. Дәл осы жарыста кім озып шықса, сол адамзаттың даму бағытын айқындайды», - деді ол.
Путин ғылым мен технологиялық сувернитет Ресей үшін алғашқы орында болып, ғылым саласында елдің көшбасшы атануы шарт екенін жеткізген.
Президент Үкіметке ғылми-технологиялық даму жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама жасап, оны мемлекет бюджетінен қаржыландыруды тапсырды. Сондай-ақ, Путин қорғаныс-өндірістік кешендерге аса күрделі технологияларды енгізу қажет екенін айтты.