University Medical Center (UMС) клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель қант диабеті бар науқастарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы сұрақтарға жауап берді.
"Гестациялық қант диабетінде (жүкті әйелдегі қант диабеті) қарсы көрсеткіштер болады. Олар - бала емізу, жүктілік. Ауыр диагноз (коронавирусқа қарағанда) қойылған науқастардың өзі вакцинациялаудан өтеді. Онда өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, қант диабеті де кіреді. Ресей Федерациясы мұнай науқастар да вакцинацияға қатысады деп шешім қабылдады.
Дәл қазір созылмалы ауруы бар науқастарды вакцинациялауда қандай шешім қабылданатынына жауап бере алмаймын. Бірақ қант диабетінің өзі гестациялық диабеттен (жүкті әйелдерде) басқасы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып саналмайды", - деп жауап берді Елена Ковзель ОКҚ брифингінде.