Елімізде аладағы бес жылда цифрлы деректер орталықтарын құруға 500 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде.
Оған Еуразиялық Одақ бойынша өз серіктестерімізді және өңірдегі серіктестерімізді жан-жақты ынтымақтастыққа шақырамыз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форумда бейне үндеу жасау кезінде айтты.
Дамудың жақсы қарқыны телемедицинада байқалды. Бұлтты технологялар жаңа деңгейге шықты. Сондай-ақ сервистер, электрондық үкімет сервистері және қашықтан оқыту платформалары кең сұранысқа ие. Мәселен, Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды форматта көрсетіледі. Дағдарыс кезеңінде шамамен 6,5 млн адам цифрлық желілер арқылы мемлекеттің қолдауын алды. Мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтан онлайн форматына өтті. Қазақстанда 15 млн-нан астам адам сымсыз интернетті пайдалануда. Біз қазіргі кезде болашақ технологиялар мен инновациялардың арқасында жарқын болатынын түсінеміз. Бұл бағыттаға бәсекелес пен динамика өте жоғары. Сарапшылардың бағалауынша 2025 жылы техника, технологиялық және бағдарламалық шешімдер нарығы тек жасанды интеллекті, сымсыз желілерді, шағын есептеу жүйелерін дамытуға бағытталып 65 пайызға өседі және шамамен 12 млрд долларды құрайтын болады, - деді Президент.