Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан армиясының заманауи қару-жарақтармен және техникамен жабдықталуы, инфрақұрылымдық дамуы, цифрландырылуы, ақпараттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі және бітімгершілік бөлімдердің дайындығы жөнінде мәлімет берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштердің әскери әлеуетін арттыруға және қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, оларды сапалы дамытуға, армияны жабдықтауға, Қазақстанда қару-жарақтың бірнеше түрін шығаратын қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ, Қарулы Күштерді цифрландыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.