Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды. Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев вакцина алды.
Жандарбек Бекшин 21 күннен кейін қайта вакцинациялануы керек. Себебі вакцина қабылдау екі кезеңнен тұрады.
Еске салайық, Қазақстанның бас санитар дәрігері біріншілердің бірі болып 1 ақпанда таңертең коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасымен егілді. Сол күні қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау басталды.