Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 айға бас бостандығынан шектелді. Қуат Хамитовтың қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот файтердің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді.
Еске салайық, бұған дейін Хамитов сотта соңғы сөзін айтқан болатын.
«Қандай жаза тағайындалса да мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын, себебі мен елімнің намысын қорғаймын», - деді Қуат Хамитов.