«Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы 2021 жылдың шілде айына дейін Қытайдың China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) компаниясымен «Орталық» ЖШС-ның 49 пайыз акциясын сату туралы келіссөзді аяқтайды.
Орталық Мыңқұдық және Түркістан облысындағы Жалпақ кен орындарынан уран өндіретін «Орталық» ЖШС үлесінің 51 пайызы
«Қазатомпром» құзырында қалады.
Қазақстандық тарап «Орталық» үлесінің 49 пайызын сату арқылы елдегі атом станцияларына қажетті отынды 20 жыл бойы алып отырады. Бұл отынды қытайлық CGNPC пен «Қазатомпромның» еншілес бөлігі «Үлбі-ТВС» компаниясы өндіреді.