Белсенділер сайлау күні өздеріне қоқан-лоқы көрсеткен боксшының үстінен полицияға арыз беретінін мәлімдеді.
«25 қаңтарда сағат 10.00-де заңгер Ерлан Қалиевпен бірге Алматы полиция департаментіне Ермахан Ибраимовке арыз беруге барамыз», – деп жазды Facebook-те «Демократиялық партия» құру жөніндегі бастамашыл топтың белсендісі Әйгерім Тілеужан.
Еске салайық, 10 қаңтарда бір топ адам сайлауға наразылық білдірген еді. Ермахан Ибраимов митингіге шыққан жұртпен жаға жыртысып, келеңсіз оқиғаға тап болды.