Филолог, қоғам қайраткері, алғашқы саяси партия құрушылардың бірі Дос Көшімнің You Tube желісінде Нартай Аралбайұлымен сұхбаты жарияланды.
Навальный авторитарлық режиммен күресудің жаңа жолын тапты ма?
Жаңа бір бағыты бар. Ресейдегі оппозициялық партиялар, коммунистік партиялар белгілі бір ойынға кіріп кеткен сияқты. Екіншіден, біздің де оппозицияда барлық нәрсе қайталана береді. Ұйым құрады, митингке шығып сынайды, жамандайды, қысқасы не басылады, не сол орнында қалады. Ал Навальныйдың жолы журналистік зерттеу сияқты болып басталды. Халыққа бұрын білмей жүрген дүниесін нақты деректермен көрсетті. Жүз мыңдаған деректі тауып, халықты оятатын дүние жасап, әділетсіздіктің нақты дерегін айтты.
Путиннің Геленджиктегі сарайындай Қазақстанның билігіндегі серкелердің сарайы бар дедіңіз. Біздің Навальный қайда, деп сұрады журналист.
Өкінішке орай, біздің Навальный жоқ. Көре алмай тұрмыз. Кейде елімізде Навальныйдан күшті, батыр адамдар бар деп ойлайсың. Бірақ жоқ. Мен өзім ең басты нәрсені біздің отыз жол бойы оппозициямыз деп келе жатқан адамдардан көрем. Себебі бұлар қоғамды жаңартамыз деген жоқ, билік оның ішінде Назарбаевты құртамыз деген мақсат қойды. Қоғам жаңармайынша, билікте жаңармайды екен. Назарбаев кетті, Тоқаев келді. Өкінішке орай ешнәрсе өзгермеді. Бізден Навальный шықпай жатқаны да сол себептен шығар. Біздің саяси оппозициямыздың жұмысы, бағыты сын көтермейтін деңгейде.
Навальныйды улады, оны Германия қорғады. Бірақ ол Ресейге неге қайтып келді?
Мен оны жақсы түсінемін. Егер шынымен қоғамды өзгерткісі келсе, Навальныйдың келетіні айдан анық. Егер жеке басын ойлайтын болса, ондай саясатқа араласпайтын еді. Менің ойымша, Навальныйдың келетіні анық болды. Оның өзі келіп, осылай ұсталуы халықты көтерудің белгілі бір тәсілі. Ұстайтынын ол білді.
Навальныйдың ендігі тағдыры не болады?
Әрі кетсе 3-4 жылға қамалуы мүмкін. Себебі ол бас бостандығынан шартты түрде айырылған адам. Бірақ оған қатаң жаза қолдануға батылдары бармайды. Оның қамауда отырғаны билікке жақсылық әкелмейді. Навальный отырған сайын батыр, әулие болады, халықтың жарық жұлдызы болады. Осы Путинге керек пе? Мен білмеймін. Навальныйды өлтіріп жіберуі әбден мүмкін. Оның өзі "мен ешқашан өзіме қол салмаймын, терезеге асылып өлмеймін" деген нәрсені айтты.
Ресей былығып жатқанда Қазақстан не істеу керек?
Ең бірінші мәселе, Ресейдің экономикалық, әскери, рухани қыспағынан құтылу керек. Егер біз әділетті қоғам құрғымыз келсе, Ресейдің қасында жүріп құра алмаймыз. Екінші біздің билік бір нәрсені түсінуі керек. Жемқорлықпен күресеміз дегеніне 30 жылдай болды. Жемқорлықтың көзін құрту керек.
Путинге тықыр таянса, оған кім көмекке келеді?
Путинге көмектесуге Мадора, Асад, Лукашенко келеді. Оларға бізді дүниежұзіндегі мемлекеттер қолдап жатыр деген сөз керек. Ресейдің ыдырауы әбден мүмкін, деді Дос Көшім.
Дереккөз: Nartay Aralbayuli