Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Федоров еліміздің солтүстік облыстарын «Ресейдің Қазақстанға сыйлығы» деп атап, басы дауға қалған-ды. Оның мемлекеттік маңызы бар қызметте жүріп айтқан сөзі үшін ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ескерту жасап, депутат сөзін «қысыр сиырдың сандырағы» деп атап еді.
Сол Федоров бүгін басқаша мәлімдеме жасап, Қазақстан халқына айрықша ырза екенін, тарихта қазақ халқы орыстардың Отанын сан мәрте сақтап қалғанын айтып, бас иді.
«Ресейлік империясының құрамына кірген қазақ жауынгерлік жасақтары жасаған сыйлық Наполеонды жеңуге мүмкіндік берді. Қазақтар башқұрттармен қатар Парижге кіріп барды. Бұл рас. Ресей халқын құтқарып, жеңіске жеткізген сіздерге үлкен рахмет! 28 панфиловшы да 1945 жылы Мәскеуді қорғап қалып, Отанымызды қалпына келтіріп берді», – деген ол отырған жерінде Қазақстан халқына бас иіп, алғыс білдірді.
Дегенмен, әлеуметтік желідегі қазақстандықтар ресейлік депутаттың «сыйлық» деген сөзіне шүйлігуде. Оның бір-біріне мазмұны қайшы қос мәлімдемесінде де «сыйлық» деген сөз жиі қолданылады.
В.Федоров өз сөзін «тәжірибелі саясаткердің» көзқарасы екенін, ешқандай адасу мен арандатуға ұмтылмайтынын айтты.
]