Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ботагөз Сыздықова мәлім етті. Бұдан басқа, шекті бағаны төмендету үшін маркетингтік шығындарды алу, көтерме және бөлшек сауда бағаларын да азайту жоспарланып отыр. Коронавирус жұқтырған науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
«Коронавирус инфекциясына бактериялық инфекция қосылса, пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмек пен антибиотиктер тегін беріледі. Науқастың жағдайы нашарлай түссе, күндізгі стационарға жатқызу және стационарлық ем қабылдау сияқты медициналық көмек ұсынылады. Ал дәріханалардағы дәрі-дәрмек азайып кетсе немесе кейбірі болмай қалып жатса, аймақтарда жергілікті бюджет есебінен тұрақтандыру қорлары құрылады», - деді ҚР ДСМ фармацевтикалық саясат департаменті директорының м.а. Ботагөз Сыздықова.
Дереккөз: 24.kz