Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамаудағы мерзімі төрт айға ұзартылды. Енді ол үй қамауына 2021 жылдың 28 ақпанына дейін болады.
Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.
"Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үй қамауын төрт айға дейін ұзартты. Ол үш рет болды,енді ол ақпан айының соңына дейін үй қамауында болады. Қорғаушы ретінде мен онымен үйде үнемі кездесіп тұрамын, өйткені ол үй қамауында. Ол өзін кінәлімін деп отырған жоқ", - деді Дмитрий Куряченко.