Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салынатынын айтты.
«1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топқа жататын тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуды бастау жоспарланып отыр. Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллионға дейін қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.