Аурулар профилактикасы мен бақылау орталығының, Халықтық-азат етуші армияның және Сюй Цзянь басқаратын бірқатар зерттеу институттарының мүшелері енген бір топ қытайлық ғалымдар 2021 жылы коронавирус пандемиясы қалай дамитынын болжады.
South China Morning Post басылымының мәліметіне сүйенсек, ең қиын нұсқа бойынша алдағы екі айда әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 94 миллионнан 170 миллион адамға дейін жетуі мүмкін. Профессордың айтуынша, әлемдегі жалпы науқастар санының бестен бірі АҚШ-қа тиесілі болмақ.
«Наурыз айының басында коронавирус инфекциясынан қаза тапқандар саны 5 миллион адамға дейін жетуі ықтимал», - дейді ол.
Ең жақсы нұсқаны жүзеге асыру үшін барлық мемлекетте санитарлық талаптар сақталып, маска режимі жолға қойылуы керек. Сонымен қатар, жаппай вакцинациялауды қарқынды жүргізу қажет екен. Дегенмен, осы талаптардың барлығы сақталған күнде де, қытайлық профессордың айтуынша, наурыз айының басына дейін коронавирус 300 мың адамның өмірін жалмайды.
Ғалымдар коронавирус инфекциясы адам ағзасында маусымдық тұмау секілді дамитынын, сондықтан, онымен күресудің қиын екенін алға тартып отыр.