Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін өзгерту керегін айтты.
"Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады.
Сондай-ақ, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді", – деді Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында.