Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістегі «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының басшысы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
«Nur Otan» партиясының төрағасы Парламент Мәжілісіндегі партияның фракция жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды», - деп жазды Айдос Үкібай.