Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісі депутаттарының сайлауынан кейін Қазақстанда болуы мүмкін наразылықтар туралы айтты.
"Мен наразылық әлемнің барлық елдерінде бар деп есептеймін, бұл белгілі болды. Полицияға келетін болсақ, олар қатаң заңға сәйкес әрекет ететін болады.
Сіз айтқандай наразы көңіл-күйге қарсы ешқандай репрессиялық шаралар қолданылмайды. Біздің құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес жұмыс істейтін болады", - деп Тоқаев журналистердің сауалына жауап берді.
Еске салайық, Қазақстан прездиенті Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. Мемлекет басшысы елде сайлауға байланысты митинг бола қалған жағдайда, полиция қызметкерлері заңға сәйкес әрекет ететінін мәлімдеп, наразылыққа қатысушылар қудаланбайды деп сендірді.