10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды.
Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:00-де еліміздің көптеген аймағында сайлау учаскелері ашылды. Бір сағаттан кейін Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында да жұмысқа кірісті. Сондай-ақ шетелде жүрген ел азаматтары да дауыс бере алады.
Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады.