Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайтыны мәлімдеді. Бұл туралы Президент "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында жазды.
"Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату - өте маңызды мәселе", - деді ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн.