Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Заң бойынша азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және емделуге пайдалана алады.