«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуға қатысты пікірін білдірді.
«Елбасының еңбегі өте зор. Қазір әртүрлі әңгімелер жүріп жатыр. Шетелдік саясаткерлер «бұл қазақтың жері емес, мұны сыйладық» деп айтып жүр. Елбасының еңбегінің арқасында 14 мың шақырым жер толық бекітілген. Бізде ешқандай мәселе жоқ. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 60-қа жуық мемлекет әлі де өзінің шекаралық проблемаларын шешкен жоқ. Тек Қазақстан мен Түрікменстан шекара мәселесін толық шешкен. Сондықтан Елбасының, аға буынның еңбегі өте зор. Неге ескерткіш қоймасқа? Мысалы, Американың негізін қалаушылардың ескерткіші бар. Вашингтон әуежайы бар. Елбасыға арнап Түркі әлемінің көсемі ретінде Түркияның Анкара қаласында ескерткіш орнатқан», - деді ол.
Бауыржан Байбек Nur Otan»-ның алдағы 5 жылға арналған жоспары туралы айтты.
«Анонимді телеграмм каналдар шетелден сарапшылар тартты деп жазады. Біздің қаржылай есебімізді интернеттен табуға болады. Бәрі ашық тұр. Екі жылдың ішінде біз бірде-бір сарапшы тартқан жоқпыз. Қазір біздің қатарымызда 3 мың адам жұмыс істейді. Әрбір жұмысты біз өзіміз жасадық. Мысалы, праймериздің ережелері ашық түрде жарияланды. Соның бәрін өзіміз отырып жаздық. Ашық болам десең, қатарыңды тазартып әрі жаңа адмдарды әкелу керексің. Партияны басқа адамдар басқарады деген әңгіме болды. Жалпы, Американың өзінде билеуші партия бағдарлама дайындаған кезде ең мықты, үкіметте отырған, экономика мен қаржыны, мүмкіндіктерді білетін азаматтарды тартады. Бізде де солай. Парияның төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы премьер министрге тапсырды. Осы бағдарламаны біз бір жыл бойы дайындадық, ол үлкен құжат. Бюро мүшесі Президентіміз бағдарламаны таныстырған кезде, бағдарламаны орындалуына 21 трлн теңге жұмылдырылады деді. Партия тарапынан өзімізге үлкен талаптар қойдық. Оны орындау үшін өте көп жұмыс істеу керек. Ол жеңіл нәрсе емес, әсіресе дағдарыс кезінде», - деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
Дереккөз: YouTube Nartay Aralbayuli