Бүгін, 25 қараша күні Қазақстанның астанасында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп жатыр.
Партияның съезінде парламент мәжілісіне сайлауға арналған партиялық тізімді және сайлау алдындағы бағдарламаны бекіту жоспарланып отыр.
Еске салайық, кеше Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысын өткізді. Кездесу барысында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия сайлауда берген уәделерінің көпшілігін орындағанын атап өтті.
Екі күн бұрын, 23 қараша күні бейнеконференция арқылы «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтті. Шара барысында партия мүшелері өткен бес жылдағы жұмыстарды қорытындылады.