Дональд Трамп ірі фармацевтикалық және технологиялық компаниялар, сондай-ақ БАҚ-тар оның президент сайлауында жеңілгеніне "кінәлі" екенін айтты.
"Ірі фармацевтикалық компаниялар сайлауалды компания кезінде маған қарсы негатив жарнама жасады. Бірақ біз оны анықтаймыз. Бізге фармкомпаниялар қарсы болды. БАҚ қарсы болды. Ірі технологиялық компаниялар да қарсы болды", - деді Трамп.
Трамп дәрі-дәрмек шығаратын ірі өндіруші Pfizer компаниясы BioNTech неміс компаниясымен бірлесіп жасаған вакцинаны шығаруды қазіргі президенттің жеңіске жету мүмкіндігін арттыру үшін кешіктіргенін айтты.