Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джо Байден халыққа үндеу жасады.
Оның айтуынша, ол 74 миллион дауысқа ие болған. Нәтижелер әлі ресми түрде жарияланған жоқ.
Ол елді «бөлетін емес, біріктіретін» президент болатынын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі АҚШ-қа деген құрметті қалпына келтіруді және нәсілшілдікті жоюға жұмыс жасауды қолға алатынын айтты.
Дүйсенбіден бастап ол пандемиямен күресу жоспарын жасау үшін сарапшылар тобын тағайындайды.