Қазақстан Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың әлемдегі қарулы қақтығыстар қарсаңында еліміздің Қарулы күштерінің дамытудағы негізгі бағыттары туралы баяндамасын тыңдады.
Кездесу барысында қазақстандық армияның материалдық-техникалық базасының ахуалын және инфрақұрылымды дамыту бағыттары, ұшатын аппараттар, әуе қорғанысын қамтамасыз ететін жаңа қаруларды ішкерілендіру жұмысы талқыланды. Сонымен қатар, министр мемлекет басшысына халықаралық жағдайларда бейбіт келісімге келу мақсатында істеп жатқан жұмысы туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі туралы мәселені көтерді.
2020 жылдың әскери дайындық жөніндегі қорытындысын шығару және келесі жылдың жоспарларын бекіту мақсатында Бас қолбасшы Қорғаныс министрлігінің әскери ұжымының отырысын ұйымдастыруды тапсырды.