Америка Құрама Штаттарында кезекті президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлауда қазіргі президент дональд Трамп пен демократиялық қозғалыс өкілі Джо Байден арасындағы бәсеке өршіп тұр.
Бүгін белгілі журналист, саясаткер Ермұрат Бапи өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, желі қолданушыларынан сүйінші сұрады.
«Урааааа! Байден көке президент болды деген хабар келді», - деп жазды ол.
Саясаткер өзінің бұл жаңалығын әрі қарай тарқатып, жазбасының астына мынадай пікір қалдырды:
«Иә, білетін адам смс салды. Алдын ала айтып қояйын: Байден Әкежан Қажыгелдиннің досы. 2000-ның басында Қазақстан мен Қазақгейтке байланысты АҚШ Конгрессінің бірнеше тыңдауын өткізуге ұйтқы болған. Атыраудағы Жумабай Доспанов ағамызды құшағына қысқан алғашқы американдық - осы Байден! "Қатыным ұл тапқандай" қуанатын жөнім осы. Бұның барлығы газеттің алдағы нөмірінде жазылады».
Кейбір желі қолданушылары жақын арада Әкежан Қажыгелдинді Байденнің командасы арнайы ұшақпен Америкаға алып кетіпті деген пікірді айтып, талқылап жатыр.