Ғаламторда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғандығы туралы ақпарат пайда болды.
Ақпарат анықтамалық құжаттың суреті түрінде бірнеше Telegram каналдарында пайда болды. Кейін бірқатар ақпарат құралдары дереккөздеріне сілтеме жасап, экс-денсаулық министрінің қамауға алынғанын да жариялады.
Қазіргі уақытта Біртановтың қамауға алынғаны туралы ақпарат расталмады.
Еске салайық, биыл 25 маусымда Елжан Біртанов, Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес, Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.