Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2021 жылдың 10-қаңтарында Мәжіліс сайлауы өтеді. Осыған орай HAQ саяси қозғалысының жақтастары қазақстандықтарды жұмыс берушілер тарапынан дауыс беру процесіне араласқандарды анықтауға көмек беруге шақырды.
Белсенділердің айтуынша, жұмыс берушілер құзырындағы қызметкерлерді белгілі бір кандидатқа дауыс беруге мәжбүрлей алмайды. Осындай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда нақты жазалар қарастырылуы тиіс.
Саяси қозғалыс басшылары сайлау барысындағы құқық бұзушылықтарды анықтау әрбір азаматтың парызы деп есептейді. Ал аталған жағдайлар орын алса, қозғалыс азаматтардың құқығын қорғау үшін атсалысатынын жеткізді.
Айта кетейік, алдағы сайлауда Парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін алты партия бақ сынайды. Олар: Nur Otan партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, «Ақ жол» Демократиялық партиясы, Бүкілхалықтық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Мәжіліс сайлауы карантиннің барлық талаптарын сақтай отырып дәстүрлі форматта өтеді.